30 1 Өрт қауіпсіздігі күндері шеңберінде Алматы облысының ТЖД қызметкерлері облыстың барлық аудандары мен қалаларында «Қоғамдық қабылдау» акциясы өткізілуде, оның барысында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша және 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы халыққа түсіндіру жүргізілуде.
30 2 Акцияның мақсаты: өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мәселелерінде және халықтың жылыту маусымына дайындығы туралы мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қолжетімділігі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сақтау мәселелері.
2019 жылғы 17 тамызда Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы және Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып «Сити плюс» ойын-сауда орталығында "Қоғамдық қабылдау" акциясын өткізді. Орталықтың екінші қабатында жұмыс орыны ұйымдастырылды, ол жерге ниет білдірушілер өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жүгінуге мүмкіндік алды.
Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесін жүргізу барысында 32 адамға кеңес берілді. Халықтың негізгі қойған сұрақтары электр тоғынан үйде өртті қалай болдырмау және өрт кезінде не істеу керек сияқты сұрақтар болды. Сондай-ақ жекелеген азаматтардан сауда үйлерінде және ойын-сауық орталықтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қойылды. Қолданыстағы заңнама шеңберінде барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Жалпы алғанда, саны 110 дана өртке қарсы тақырып бойынша үгіт материалдары таратылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл жөнінде 30. Сондай-ақ, жылыту жүйелерін дайындау және жылу беру маусымы басталардың алдында қысқа қарай пеш құбырларын тазалау туралы тазалау түсіндіріле отырып 140 жеке тұрғын үйлерді аралау бойынша жұмыстар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл жөніндегі департаментінің қызметкерлері өз кезегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қала тұрғындарына түсіндірді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі