Принтерге шығару
15 Ағымдағы жылдың 19 тамызында облыстық мәслихаттың депутаттық комиссиясының отырысында халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Комиссия отырысын тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Владимирович Поляков жүргізді.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е. С. Өтегенов ТЖ аумақтық органының қызметі, халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғауды қамтамасыз ету туралы баяндама жасады.
Баяндамада спикер су тасқыны, өрт қауіпті және суға шомылу кезеңінде шұғыл қызметтердің алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Ағымдағы жылы су тасқыны кезеңі облыс аумағында елді мекендерге қауіп төндірмей өтті, автомобиль жолдары арқылы 6 рет су құйылды, олардың біреуі ғана жол төсемінің зақымдануына әкеп соқты, көлік қатынасы бұзылған жоқ, қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде жүргізілді. Баяндамашы алдағы
2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық басталғанын атап өтті.
Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында 237 дала жанулар тіркелді (2018ж. – 67), жалпы алаңы 8 759 га (2018ж. – 1 722 га), саны бойынша 3,5 есе және ауданы бойынша 5 есе өсті). Дала жануының негізгі себептері: жер пайдаланушылардың өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамай өртеу және отты абайсыз пайдалану болып табылады.
Дала жануына жол бермеу шараларын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күні 23 мобильді топ құрылды (азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО санынан), жалпы саны 91 адам, олармен 189 рейдік іс-шаралар өткізілді, оның нәтижесінде 11 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушы анықталды, 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні облыста 203 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды (саны 2 162 адам, 30 өрт сөндіру автомобилі және 410 бірлік бейімделген техника). Мәслихат депутаттарын газ және лифт шаруашылығының қауіпсіздігі мәселесі қызықтырды.
Өз кезегінде ТЖ департаментінің бастығы депутаттарға газ инспекциясын құру мәселесіне бастамашылық жасауды ұсынды және газ пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету ТЖ Департаментінің құзыретіне кірмейтінін, газ баллондарын жеткізумен және сатумен айналысатын объектілерді тексеру өтініш немесе шағым түскен кезде ғана мүмкін болатынын атап өтті.
Отырыс барысында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселесі қозғалды. Орман алқаптарында өрттерді сөндіру жұмыстарын жақсарту үшін қандай мемлекеттік органдарды тарту қажет.
ТЖД бастығы өз сөзінде бүгінгі таңда азаматтық қорғау органдарында кадрлар жетіспеуі, атап айтқанда жұмыс тәжірибесі бар арнайы техника жүргізушілерінің мәселесі ашық күйінде қалып отырғанын атап өтті.
Павлодар облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы