Принтерге шығару
16 1 20 тамыз күні облыс аумағында Департаменттің жеке құрамын, ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД «АМО» қызметкерлерін тарта отырып рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қызметкерлер қала және облыс тұрғындарына профилактикалық әңгіме жүргізді, акватория жағалауларында демалушыларға үгіт-насихат материалдарын табыстады.
16 2 Жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
• Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
• Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
• Суға шомылған кезде камераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
16 3 • Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
• Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
• Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
• Суда тентектік жасауға жол бермеңіз!
• Жалған дабыл бермеңіз!
Есте сақтаңыз! Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмерлеріне хабарласу қажет.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімі