Принтерге шығару
shym presstur 1 Шымкент қаласындағы №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Отырар» телеарнасының журналистері қонақта болды. Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Жұмабеков қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды көрсете отырып, өрт сөндіру бөлімінде экскурсия ұйымдастырды. Бөлімнің гаражында олардың назарына күнделікті құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын өрт сөндіру және авариялық-құтқару жабдықтары ұсынылды.
shym presstur 1 shym presstur 1
А.Жұмабеков тек ТЖ қызметкерлерінің күнделікті батыл еңбектері туралы ғана айтып қоймай, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің техникалық жарақтарының мүмкіндіктерін көрсетті.Кезекшіліктегі қарауылдың «Дабыл» белгісімен көтеріліп, шығуы журналистердің арасында ерекше қызығушылық тудырды. Өткізілген баспасөз-турдың негізгі мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құтқарушылар оларды жоюға және көмекке келуге әрдайым дайын екендігін тұрғындардың назарына жеткізу болатын. Ол мақсатқа сәтті қол жеткізілді.
Шымкент қаласы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы