pvl priem 1 Павлодар облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері Павлодар облысы Полиция департаменті ұйымдастырған Жолда қабылдау республикалық акциясына қатысты.
Іс-шараны өткізу барысында жүгінген азаматтарға азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау тәртібі мен шарттары түсіндірілді, сондай-ақ қызмет өткерудің кейбір мәселелері, өрт сөндіруші және құтқарушы кәсібінің абыройы мен қадір-қасиеті жеткізілді. Акция барысында кеңес беру сұрақтары бойынша 9 азамат жүгінді.
Осындай іс-шараға Май ауданы ТЖ бөлімінің мамандары да қатысты. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге Көктөбе ауылында аудан орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі бойынша сұрақтарға жауап берді. Өтініш білдірген азаматтарға 2019 жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Май ауданы аумағында өрт айлығын өткізу туралы жеткізілді, сондай-ақ тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша, ірі жем-шөп дайындау және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізілді, жадынамалар таратылды.
Бұрын хабарланғандай, Ішкі істер минимстрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Жолда қабылдауды» азаматтар талап еткен болатын. Бұл акция халықпен өзара қатынасты жақсартуға және төтеншелік ведомствоның қызметі туралы ақпараттандыруға ықпалын тигізетін болады.
pvl priem 1 pvl priem 1 pvl priem 1 pvl priem 1
Павлодар облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы