Принтерге шығару
kar post 1 Нұра ауданының Тассуат ауылында «Тассуат-Агро» ЖШС базасында өрт сөндіру бекетінің ашылуы өтті. Бекеттің жауынгерлік есебінде су соруға және беруге арналған мотопомпалары бар К-701 тракторының базасында көлемі 16 куб.м тіркеме цистерна; соруға және су беруге арналған мотопомпалары бар ЗИЛ-130 базасындағы 1,2 куб. м цистерна, соқасы бар су тасымалдаушы бар. Ерікті өртке қарсы құраманың құрамына 20 адам кіреді.
Аталған бекет Тассуат ауылын және аумағы 40 мың гектар аумақтқа қызмет етеді.
Шаруашылық қызметкерлеріне өрт сөндіру тактикасы және өрт-техникалық қару-жарақты пайдалану бойынша нұсқаулық және қысқа оқыту өткізілді.
Өрт сөндіру бекеттері мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ шалғай елді мекендерде құрылады. Олар елді мекендерде және ауылдық округ аумағында өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін тез әрекет етуді қамтамасыз етеді.
kar post 2
Нұра ауданының ТЖБ