Принтерге шығару
vko dtp 1 Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауда. ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының 8 бөлімшесінің құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында жағалауға жақын жерде аударылып қалған «Опель» маркалы автокөлігін тапты. Көлік ішінде адам болған, ол өмір белгілерін берген жоқ.
«Біздің құтқарушылар тобы дереу полиция қызметкерлерін және Алтай қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің әріптестерін шақырды. Жағалауға жақын жерде Малеевка және Зубовск кенттерін қосатын тас жол өтеді. Не себеп болғанын құзырлы органдар анықтауы тиіс, машина жолдан өзенге қарай ұшып кетуі мүмкін», - дейді ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ 8 бөлімшесінің бастығы Наурыз Смағұлов.
vko dtp 2 Арнайы техниканың көмегімен құтқарушылар автокөлікті судан алып шығып, қаза болған ер адамды шығарды. Оның жеке басы анықталды. 1967 жылы туған ер адам.
Айта кетерлік жайт, күні бүгінге дейін сүңгуірлер Малеевск ауданында жұмыстан келе жатып Бұқтырма өзеніне бетін жууға барып суға батып кеткен 31 жасар ер адамды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Қатты ағын ер адамды аяғынан шалып іліп әкетті.
Қазіргі таңда ШҚО бойынша су айдындарында 34 адам суға кетті. Негізінен, бұл жабдықталмаған жерлерде шомылған ер адамдар болды.
ШҚО ТЖД