Принтерге шығару
atyr sorevn 1 2019 жылғы 16 тамызда спорт шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р. Б. Бляловтың төрағалығымен Конституция күніне арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс - шара барысында Рашид Бекетұлы - Біздің басты міндетіміз-спорт арқылы құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыру, тәртіп пен жауапкершілік деңгейін арттыру екенін атап кетті. Әрине, спорт арқылы қызметкерлердің денсаулығын нығайту. Тек қана ерік күші бар физикалық сау адам ғана азаматтық қорғау органдарындағы қызметте күрделі міндеттерді орындауға қабілетті.
atyr sorevn 1
atyr sorevn 1 Спорттық жарысқа 6 команда қатысты, олар Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы, «Өрт сөндіруші» АҚ – «Жалын» және «Алау», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ – «Құтқарушылар», «Барыс» командалары және Департаменттің аудандық бөлімдері бастықтарының командасы.
Жарыс 3 турдан тұрды, оған гир спорты, арқан тарту және командалық эстафета кірді. Қазылар алқасының мүшелері департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р. Б. Блялов, Атырау облысы бойынша «Өрт сөндіруші» АҚФ директорының орынбасары М. Л. Хагай және Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ж. У. Бержанов болды.
atyr sorevn 1 Өткізілген барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Гир спортынан ІІІ орынды аудандық бөлімше өкілі – Демешов Жантөре, ІІ орын «Өрт сөндіруші» АҚ – Адилов Қанат, І орын «Өрт сөндіруші» АҚ-Искалиев Данияр иеленді.
Арқан тартудан: ІІІ орын Атырау облысы ТЖД командасы, ІІ орын «Алау» («Өрт сөндіруші») командасы, І орын «Жалын» («Өрт сөндіруші») командасы ұтты.
Командалық эстафета бойынша: ІІІ орын «Алау» командасы («Өрт сөндіруші»), ІІ орын «Құтқарушылар» командасы («ӨСжАҚЖҚ»), І орын Атырау облысы ТЖД командасы.
Спорттық іс-шараға белсене қатысқаны үшін жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
atyr sorevn 1 atyr sorevn 1
Г. Нарегеева
Атырау облысы ТЖД
Кадр саясаты бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры