UBuLzs8rBcw Атырау облысы ТЖ департаметі ағымдағы жылдың 15 тамыз - 15 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілетінін хабарлайды.
Атырау облысы азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кенттердің және ауылдық округтердің тұрғындарымен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын және өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттерді түсіндіру, өртке қарсы нұсқамаларды өткізу, жадынамалар мен парақшаларды тапсыру бойынша жиындар мен жиналыстар өткізіледі.
Алдын алу жұмыстары аясында ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы тұлғалардың тұрғылықты жерлеріне рейдтер жүргізу кезінде ерекше назар аударылатын болады.
Сондай-ақ облыстың барлық оқу орындарында балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алуға бағытталған өртке қарсы іс-шаралар кешені өткізіледі.
Өрт қауіпсіздігі айлығы өрт қауіпсіздігі және адам өлімінің алдын алу, Халықты қауіпсіздік және тіршілік негіздеріне оқыту мақсатында өткізіледі.
Атырау облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникация тобы