Принтерге шығару
reid 1 Өткен демалыс күндері Ақтөбе су қоймасы мен жағалау аумағында, суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік ережелері мен шараларын түсіндіру мақсатында кезекті рейд өтті. Рейдке Ақтөбе облысының ТЖД Өрт сөндіру қызметінің және ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының алғашқы дайындық курсының тыңдаушыларының бірлескен күштері қатысты.
Рейд кезінде барлық демалушыларға су айдындарында сақтық шараларын сақтау, судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
reid 1
reid 1
Судағы төтенше жағдайдын басты себептері: азаматтардың құтқарушылар күзетпейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен әрі ұстанбауынан, ішімдік ішіп алып шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан қайғылы жағдайдын болып тұрғаны туралы профилактикалық түсіндірме жүргізіп , жадынамалар таратылды. Төтенше жағдайды алдын алу шаралары суға түсу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы