Принтерге шығару
28 Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері арасында «Полиглот» іріктеу байқауы өтті.Үздік полиглотшы атағы үшін 5 қатысушы тартысты.
Іс-шараның басты мақсаты - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, жас мамандардың қызығушылығын арттыру.
Бес кезеңнің тапсырмаларын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орындап, байқаушылар өз білімдерін көрсетті. Байқауға қатысушылардың тілдерін меңгеру шеберлігін ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Ерғали Бахаев басқарған қатал қазылар алқасы бағалады. Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары Мақпал Абдіжәлілқызы және Гүланар Анарбекқызы ағылшын тілін меңгеру және латын графикасын пайдалану деңгейін бағалауда үлкен көмек көрсетті. Айта кету керек, байқауға Өрт сөндіру қызметінің тек қана офицерлері емес, қатардағы ауынгерлер де қатысты.
Қатысушылары арасында байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталып, барлық қатысушыларға грамоталар тапсырылды. Қазылар алқасының төрағасы полковник Ерғали Бахаев жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтап, жеңімпаз қыркүйек айында Көкшетауда өтетін республикалық байқауда абыроймен қатысатынына сенім білдірді.
Шымкент қ. ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы