Принтерге шығару
20 Алматы облысының аумағында үстіміздегі жылдың 15 тамыз мен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезең іс-шаралары жүргізілетін болады.
Айлықтың бірінші кезеңінің басты мақсаты – жылыту пештерінің орнату барысындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу (аталған шараларды орындау тек күннің жылы уақытында ғана өткізу мүмкін).
Тексеріс алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары мен тұрмысы нашар отбасылар тұратын жерлерде тек мекен-жай бойынша жүргізілетін болады.
Тұрғын секторда өрт - профилактикалық іс-шараларды өткізуге қатысу үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқа АІІБ қызметкерлері, энергия қадағалау, газ шаруашылығы қызметкерлері, ПИК, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес еріктілер ұйымдардың мүшелері тартылады.
Құрметті облыс тұрғындары сіздердермен бірлесе отырып үйлеріңізде өрттің пайда болуын толығымен болдырмай, сондай-ақ улы газдан улану қаупін барынша азайтуға болатынын есте сақтаңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі