24 1 Жуырда Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің мамандары «Атырау Плаза» Бизнес орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Өрт-тактикалық сабағына гарнизонының Атырау қаласының №1-МӨСБ, №3-ӨСБ, №4-ӨСБ қатысты.
24 2 Жалпы сабағына 4 негізгі өрт сөндіру автокөліктері, 1 арнайы өрт сөндіру автокөлігі жұмылдырылды. су шаруашылығы, тоқ жүйелерін қамтамасыз ету қызметі, газ қызметі.
Жаттығу кезінде «Атырау Плаза» Бизнес орталығы қызметкерлерді құтқару жұмыстарын жүргізу, газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен АЛ-30 механикалық сатысы арқылы адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шартты өртте бірнеше бағытта барлау жүргізу және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру тәсілдері пысықталды.
24 3 Шартты өртті сөндіру орнында үш жауынгерлік аймақта жұмыс атқарылды. Үздіксіз су беру және жеке өрт сөндіру гидрантынан су тарту іс-әрекеттері пысықталды. Қызметкерлер ғимарттың шатырындағы түтін жоюдың қақпақтарын қолмен ашу жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндірушілер шартты зардап шегушілерді құтқаруды жүзеге асырды. Сабақ қорытындысы бойынша өрт сөндірушілер тапсырманы «жақсы» деген бағаға орындады.
Атырау облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі