19 1 2019 жылғы 12 тамыз күні Түркістан облысының ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Запаров, азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері майор Н. Рахымбердиев және Бәйдібек аудандық ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қ. Әуелбеков, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк бас директор орынбасары А. Абдихадиров Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы орман, дала өртін алдын-алу, зерттеу, жою мақсатында ES-145 маркалы тік ұшағымен Ақбастау, Боралдай, Көктерек, Алмалы, Майбұлақ, Алғабас ауыл округтерінің және Жамбыл облысының Сарысу, Талас аудандарының шекараларына әуеден шолу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Қапшағай, Көксарай су қоймаларының жағдайларына әуеден шолу жұмыстары жүргізілді.
19 2 19 2 19 2
Түркістан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы