Принтерге шығару
20 1 Облыстық балалар ауруханасы ғимаратында өрт сөндірушілер шартты өртті жойды. Жаттығу жоспарына сәйкес, жергілікті уақыт 15 сағат 23 минутта 2017 жылы салынған бес қабатты ғимараттың үшінші қабатында орналасқан физиотерапия бөлімшесінде өрт оқиғасы орын алды. Көршілес орналасқан кабинеттердегі адамдарға қатты түтін өрт қауіпін тудырды. Нысан қызметкерлері өрт кезінде алғашқы іс-әрекеттер шараларын әзірледі: өрт туралы «101» шұғыл нөміріне хабарлама жіберіп, адамдарды өрт туралы ескерту, науқастарды эвакуациялау және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру.
20 2 Жоғары дәреже бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекші қарауыл, жедел топ, қалалық авариялық қызметтер дереу шартты өрт орнына келе бастады. Шартты өрттің орнына өрт сөндіру қызметінің кезекші қызметкерлері өрт бөлімшелері мен авариялық қызметін үйлестіретін штаб құрылды. Өрт сөндірушілер бірнеше бағыт бойынша әрекет етті: бірінші топ шартты зардап шегушілерді автосаты арқылы құтқару шараларын жасады, екіншісі жауынгерлік қанат жайды, су көздеріне қосылып өрт сөндіру жеңқұбырларын орналастырды. Құтқару жұмыстары кезінде 8 (оның ішінде 2 бала) адам құтқарылды. 38 минуттан кейін шартты өрт сөндірілді. Оқу - жаттығуға қатысушыларға қойылған тапсырма орындалды.
Жаттығу аяқталғаннан кейін Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Ә. Баекеев өрт-тактикалық жаттығуларға оң баға берді және анықталған кемшіліктерді жою үшін нысан қызметкерлеріне ұсыныс берді.
Оқу-жаттығуға Өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 45 қызметкері және 8 техникасы, жергілікті полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы, қалалық авариялық қызметтері қатыстырылды.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі