Принтерге шығару
22 1 Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі болып саналады. Иә, жылжымалы сатыға өрмелеп шығып, газқағарды қолдану, қалың түтін арасынан жол тауып шығу, жүгіру, секіру және т.б. қиындықттардан өтуге болады. Дегенмен, ең күрделісі өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз өміріңді бәске тігу. Міне, бүгінгі әңгімемізге арқау еткелі отырған от жауынгерлерінің игілікті ісі жоғарыда айтқандарымыздың айғағы іспетті.
22 1 Жалпы от жауынгерлері өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарынан өзге қандай іспен шұғылданады, міне осы төңіректе аз ғана әңгіме өрбіткенді жөн көріп отырмыз. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері әрдайым аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарттар үйіне және балалар үйінде тағдырдың тәлкегіне түскен қамкөңіл жандарға материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп келеді. Міне осындай игі істердің бірін біз Жамбыл облысы, Жаңатас қаласынан көруімізге болады. Аталмыш қаладағы №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындары Жақсыбаевтар отбасында тәрбиеленіп жатқан 7 баланы қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті. Өрт сөндіруші жігітердің мұндай игі ісі мұнымен аяқталған жоқ. Тіпті одан әрі жандана түскендей.
22 2 Игі шараны одан әрі іліп әкеткен Меркі ауданы, Меркі ауылындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің мамандары өз кезегінде Екпінді ауылында тұратын 3 нәрестені бағып отырған жас келіншектің жағдайын бақылауға алды. Әлгі әйелмен әңгімелесу барысында от жауынгерлері оның бір баласының биылғы жылы мектеп табалдырығын аттайтындығына қанық болып, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуді өз мойындарына алды. Жақын арада қажетті қаржы жинақталған соң өрт сөндірушілер тарапынан міндетті түрде көмек көрсетілетін болады.
Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны өз қызметкерлерінің ішінен де отбасы мүшелерінің қиындыққа ұшыраған жандарына әрдайым көмек қолын созудан шаршаған емес. Мысалға алып қарайтын болсақ Мойынқұм ауданы,
Мойынқұм ауылындағы №18 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Н.Сейткамалов науқас баласына өте қымбат бағадағы дәрі-дәрмектерді алып беру үшін қаражатының жеткіліксіз болуына орай ұжымдастары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, өз еріктерімен көмек көрсетуді жөн деп тапқан. Ал мұндай игі бастаманы көтерген аталмыш өрт сөндіру бекетінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны М.Исаев екендігін атап өткен жөн. Ол қиындыққа душар болған қызметкердің жай-күйімен жете танысқан соң бірден іске кірісіп, қажетті қаражатты жинақтауға кіріскен. Нәтижесінде көп түкірсе көл демекші қомақты көлемдегі тиісті қаражатты жинап берген. Бұл дегеніңіз жалпы гарнизонның, яғни ұжымның бір отбасыға айналғандығының айқын көрінісі. Аталмыш бағыттағы жұмыстары жалғасуда.
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру қызметінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы