23 1 Ағымдағы жазда Өскеменде су үш адамның өмірін алып кетті. Олар бұл үшін жабдықталмаған орындарда шомылды.
Адамдарға қауіпсіздікті еске салу үшін, қаланың төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері құтқарушылармен және полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдттер өткізеді. Олар тек жабдықталған жағажайларға ғана емес, құтқарушылардың тыйым салуына қарамастан, қалалықтардың шомылуды жалғастыратын орындарына барады. Демалушыларға судағы өзін-өзі ұстау ережелері көрсетілген парақшалар үлестіріп және жабдықталмаған суға шомылудың қауіптілігі туралы әңгімелесулер өткізді.
«Демалыс күндері рейдттер күшейтіледі. Ауысымнан бос құтқарушылар немесе және ТЖ Басқармасының қызметкерлері тартылады. Ыстық ауа-райының келуімен қауіп-қатер аймағында қалатын адамдар артуда. Бұның алдын алуды рейдттермен және дауыс зорайтқыш байланыспен жабдықталған автомобильдің көмегі арқылы азаматтарды қауіпсіздік іс-шараларымен құлақтандырады. Тұрғындар біздің ескертулерді елеусіз қалдырмай, міндетті түрде медиктермен құтқарушылар кезекшілік ететін және балалардың суға шомылу орны, құймалары бар шомылу орындарын таңдағандығын қалаймыз» - деп түйіндеді Өскемен қаласының ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко.
Қаланың ТЖБ айтып өткендей, алкоголь және суайдындардағы демалыс үйлеспейді. Қайғылы статистиканың көп үлесін мас күйінде суға шомылушылар алады. Бұдан басқа, судағы демалысқа балаларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Жанында құтқарушылары жоқ жабдықталмаған орындарда суға шомылу аса қауіпті.
Суайдындарда өзін-өзі ұстаудың оңай ережелерін орындап, өзіңді және жақындарыңды қайғыдан сақтауға болады. Суайдындардағы төтенше жағдайлармен оқиғалардың алдын алу азаматтық қорғау саласындағы органдардың қызметінің маңызды бағыты болып есептеледі. Дегенмен, өзінің өмірі мен денсаулығы бірінші кезекте өзінің қолында екенін әрбір демалушы есінен шығармау керек. Табиғатта бос уақытты ұйымдастыруға жауапты көзқарас аксиомаға айналуы тиіс.
23 2 23 2 23 2 23 2 23 2
Өскемен қаласының ТЖБ