Принтерге шығару
11 1 Жазғы демалыстың аяқталуына аз ғана күн қалды. Орал қаласының жазғы демалыс лагерлерінде оқу жасындағы балаларға осы мезгілдегі соңғы профилактикалық шаралар өтуде.
«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ ММ құтқарушылары жаз бойына «Евразия», «Самал» , «Атамекен» сауықтыру лагерлерінде болып, мыңға жуық балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін үйретті.
11 2 Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелері, суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету, құтқару қызметтері жайында түсіндірме сабақтарын жүргізді. Сабақтар сыныптармен қатар, жағажай жанында да болды. Мұнда құтқарушылар балаларға суға кетіп бара жатықан адамды құтқару шаралары мен алғашқы құтқару құрылғыларын қолдану әдістерін көрсетті. Әр демалушы оқушы сүңгуірлік құрылғыларды киіп көре алды, алғашқы дәрігерлік көмек көрсете алды сонымен қатар құтқару шеңбері, Александрова арқаны секілді құтқару құрылғыларын қолдануды үйренді. Балалардың пікірінше, бұл ең қызықты да танымды сабақтар болды.
«Мұңдай шаралардың үлкен маңызы бар, себебі оқушылардың судағы қауіпсіздік ережелері бойынша осы уақытта алған білімдері алдағы уақытта өмірлік қажеттіліктеріне айналады, ал сабақтан алған білімдері алдағы уақытта өмірлік қажеттіліктеріне айналады, ал сабақтан алған әсерлері ұзақ уақыт жадыларында қалу арқылы болашақ мамандықтарын таңдауда септігін тигізіп қалар» - деп суда құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеев атап өтті.
Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- Мас күйде суға түсуге болмайды;
- Адамдар суға шомылып жатырқан жерден жақын жерге су көлігімен жүруге болмайды;
- Қауіпті әрі жабдықталмаған жағажайларда суға түсуге болмайды;
- Таныс емес жерлерде сүңгуге, әрі ойнауға болмайды;
- Балаларды үлкендердің қарауыңсыз қалдыруға болмайды;
Б. Хайбуллина
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы