12 1 Ағымдағы жылғы 5-11 тамыз аралығында «Қауіпсіз аула» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Тараз қаласы мен облыс аудандарында Облыстық полиция департаментінің бастамасымен профилактикалық рейдтер өткізілді.
Кезекті рейдтің өткізілуі кезінде Тараз қаласы «Самал» шағын ауданындағы № 22 үй маңында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің қызметкері Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сейдалиев қатысты.
12 2 Ол тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, судағы жүріс-тұрыс ережелерін, балалардың отпен ойнауына жол бермеуін жеткізді, қатысушыларға балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салды. Сонымен қатар, балалардың терезеден құлап кетуінің жиілеп кеткен жазатайым оқиғаларының мысалдарын келтірді, сондай-ақ облыс су айдындарында адамдардың қаза болуы статистикасын келтірді. Диалог соңында тұрғындарға жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері жиналған азаматтармен алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болу, сондай-ақ тыныштықты бұзу фактілерін, ал жастар мен өскелең ұрпақ үшін түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың көшелерде, ойын-сауық мекемелерінде немесе ересектердің ертіп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болу фактілерін талқылады. Сонымен қатар, тұрғындар өз мәселелерін айтып берді.
Халық арасында осындай және басқа да көптеген бірлескен іс-шараларды өткізу жалғасуда.
Жамбыл облысы ТЖД Зілзалалардың
қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау
саласындағы бақылау басқармасының