28 Almaty Spartakiada 1 2019 жылғы 21 шілдеде «Динамо» стадионында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында «Алматы спорт» спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Жарыс нәтижесі бойынша Алматы қаласының ТЖД-ің командасы жоғары нәтиже көрсетті және командалық есепте 2-орынға ие болды, құқық қорғау органдарының командалары арасында үздік үштікке енді.
Ең жақсы нәтижелерді ТЖД әйелдер командасы көрсетті, олар жеңіл атлетика және үстел теннисінде 1-орын алды. Волейбол командасы 2-орын, армрестлинг 3-орынға ие болды.
Бұл спартакиаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Алматы қаласындағы бұқаралық дене шынықтыру және спорттық қозғалысына қатысу.
 
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі