31 Kyzyl Orda 2019 жылдың 18 шілдесінде 13 жастағы жасөспірім Сырдария өзенінде достарымен суға шомылып жүріп батып кеткені туралы хабарлама Қызылорда облысының ТЖД дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісіне келіп түскен болатын. Осы оқиға бойынша Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен психолог мамандар 2 күн бойы суға батып кеткен жеткіншекті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың 20 шілдесінде жергілікті уақыт 19 сағат 40 минутта батып кеткен жерден 2 км қашықтықта баланың денесі табылды.
Аталған жайт бойынша 2019 жылдың 22 шілдесінде «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңалықтар» шығарылымынан «Суға батып кеткен жеткіншектің денесі табылды» атты сюжет көрсетіліп, Қызмет бастығының орынбасары Жедел-құтқару жасағының басшысы Б.Ембергенов сұхбат берді.
 
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі