36 Nursultan Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 23-24 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтілетіні туралы хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын ескертеді:
Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:
- мүмкіндігінше ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;
- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;
- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;
- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.
- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;
- орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.
- құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!
 
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД