27 4imkent Vstre4a 1 Шымкент қаласының аумағында бірқатар ірі өнеркәсіптік объектілер жұмыс атқыруда. Бұл объектілердегі технологиялық процестердің бұзылуы авариялық ағдайлар алып келуі мүмкін.
Осы фактілерді есекре отырып, өнеркәсіптік объектілердегі жарылыстар мен өрттерді алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстар мен сабақтар өткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.Ерғали іске асыруда.
27 4imkent Vstre4a 1 Шымкенттегі ірі кәсіпорындардың бірі «SANTO» Қазақстандағы ең ірі фармацевтикалық компанияның қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме сабағы өткізілді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері, кәсіпорындар төтенше жағдай орын алған жағдайда авариялық шығу тәртібі және жаз айындағы өзекті мәселелердің судағы қауіпсіздік кеңінен талқыланып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
27 4imkent Vstre4a 2 Өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген Көкшетау техникалық институтының курсанты Мұрат Серікбаев мұндай сабақтарға алғаш рет қатысып, сабақ барысында қатысушылар тарапынан қойған сұрақтарға абыроймен жауап беріп, өз білімін пысықтады.
 
Шымкент қ. ТЖД ішкі және
сыртқы коммуникациялар тобы