06 Aqtobe Lager 1 Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкерлері балалар лагеріне барды. Балалар төтенше жағдайлар пайда болған кездерде дұрыс әрекет етуді үйреніп өздерінің лагердегі жазғы демалысын пайдалы өткізді.
Басқарманың қызметкерлері балаларға жазғы демалыс кезінде өздерін ұстау ережелері туралы әнгімеледі.
Жедел-құтқару жасағының мамандары жаздағы қауіпсіздік ережелерін еске салып, өзін-өзі тану, зардап шеккендерді құтқару кезінде бір-біріне көмек көрсету туралы айтып түсіндірді. Одан кейін, қан кету кезінде, жарақаттану кезінде, бұлшық еттің тарылуы кезінде, улы жәндіктердің тістеуі кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті.
Ақтобе қаласының ТЖБ қызметкерлері орман-тоғайлардағы қауіпсіздік ережелерін, орманды-қыр даладағы өрттердің қауіптілігі және тұрмыстық жағдайда өрттің пайда болу себептері туралы қосымша ақпарат берді.
Оқутушылар тыңдаушылардың барлық сұрақтарына толықтай жауап берді. Балаларға апат сигналын беруді және өрт қауіпсіздігінің бірінші белгілері болған жағдайларда өрт сөндіру балонын қолдануды үйретіп көрсетті.
Балалардың естеліктеріне жадынамалар мен буклеттер таратылды, оқуда түсірілген фотосуреттер қалдырылды.
Құтқарушылар осындай сабақтарды жаз мезгілі аяқталғанға дейін жүргізеді.
 
 
Ақтөбе қаласының ТЖБ