35 Jambyl Sport Жамбыл облыстық «Динамо» спорт кешенінде, Ішкі істер қызметкерлері арасында «Жекпе-жектен» жарыс өтті. Сайысқа жалпы 18 команда құраған 85 адам қатысты. Қатысушылардың арасында біздің әріптесіміз, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі Тараз қаласының №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Абзалбеков Асхат Бақытұлы да қатысты. Ол жарыс барысында өзінің жақсы спорттық дайындығын көрсете отырып, 65 киллограм санатындағы спортшылар арасында 3 орынға ие болды.
Осылайша Асхат Абзалбеков өзінің физикалық дайындығын ғана емес, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің жан-жақты тұлға екендігін де көрсетті. Айта кеткені жөн, Асхат Жамбыл облысы өртке қарсы гарнизонында 2016 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс атқаруда, осы уақыт ішінде өзін жауапты және тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті. Сонымен қатар, ол Өрт сөндіру қызметіндегі өткізілетін спорттық шаралардың бірде-бірін өткізбей қатысады.
 
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру қызметі