17 VKO Akcia 1 Суайдындарындағы жазатайым оқиғаларлың алдын алуға бағытталған алдын-алу іс-шаралардың аясында Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері және «Лимпопо» мамандандырылған дүкенінің жұмысшылары тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын насихаттауды ұйымдастырды. Тұрғындар демалыс үшін жабдықтар мен спорттық заттарды сатып алатын, «адамдар көп баратын» дүкенге заттар сатып алу кезінде, оларға су айдыныңда демалу қауіпсіздік ережелері жазылған ескерту қағаздары таратылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Кәсіпкерлердің қауіпсіздік шаралары профилактикасына қатысуы өте маңызды деп есептейміз. Біздің акцияға адамдар неғұрлым көптеп қатысса, соғұрлым төтенше жағдайлар азырақ болады», - деп мәлімдеді Өскемен қ. ТЖБ мамандары.
Осы уақытта, қаланың құтқарушылары мен полицейлері рұқсат етілмеген суға шомылу орындарына аса назар аударып, жағажайларға патрульдеуді жүзеге асырады.
 
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты