20 Turkestan Lager 1 Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.
Осыған орай, Түркістан қаласының ТЖ басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шомылу қауіпсіздігі» мен «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары Түркістан қаласындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде жүргізілді.
Іс-шара барысында балалар арасында «Өрт қауіпсіздігі» эстафетасы өткізілді. Эстафетаға 3 топ қатысып, арасында «Арлан» тобы 1 орынға ие болды. Іс-шара соңында орын алған топтар грамотамен марапатталды. Сонымен қатар лагердің топ басшыларымен ұстаздар ТЖ қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – балалардың судағы қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпті жағдайға тап болғанда дұрыс әрекет етуге және басқаларға көмек көрсетуге баулу болып табылады.
Құтқарушылар құтқару қызметінің «112» телефон нөмірін демалушылардың естеріне салды. Түркістан қаласының ТЖБ бас маманы а.қ. аға лейтенанты Р. Ордабек, аға инженер а.қ. майоры Б. Түйменов және «НұрОтан» партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» жастар орталығының еріктілері жаз айларында температура 40-45 градусқа дейін көтерілетіні жөніндегі болжамдарға байланысты, шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс шара барысында қауіпсіздік шараларына тоқталды.
Лагерь ұжымы мен оқушылар үшін бұл іс-шара жаңалықтармен танымды ақпаратқа толы болды.
20 Turkestan Lager 2 20 Turkestan Lager 2 20 Turkestan Lager 2 20 Turkestan Lager 2
 
Түркістан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы