pvl lekcia 2 Суда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері үнемі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс бірнеше бағытта жалпы халықпен және жекелеген санаттармен жұмыс жүргізілуде.
Үгіт-түсіндіру жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі балалармен жұмыс болып табылады. Осы мақсатта құтқару жасағының қызметкерлері 15 сәуір мен 22 мамыр аралығында аймақтың жалпы білім беретін мекемелерінде 4638 оқушыны қамтыған 171 дәріс сабағын өткізді.
Жедел-құтқару жасағы оқушылардың бөлімдеріне ақпаратты облыстың білім басқармасымен бірлесіп ҚР ІІМ ТЖК дайындаған «Как выжить? Синяя бездна» бейнероликтері 23 мамырдағы жағдай бойынша облыстың 362 мектебінде көріп, 101459 оқушы қамтылды.
Демалыс кезінде мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары бойынша іс-шаралар жазғы және мектеп жанындағы лагерьлерде жалғасын табады.
 
pvl lekcia 2   pvl lekcia 2   pvl lekcia 2
Павлодар облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы