kost pozh bez 1 «Жолдағы қабылдау» республикалық науқаны шеңберінде Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті полиция қызметімен бірлесе республикалық, облыстық және аудандық белгісі бар жолдарда: өрт қауіпті кезеңде көлікте, тұрмыста, сондай-ақ төтенше жағдайлар шарттарында жүргізу, Өрт қауіпсіздік қағидаларын түсіндіре отыра, көлікқұмарлары арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
А.ж. 17-18 мамыр кезеңінде 1400 астам жүргізушілерге көліктердің тұтануы кезінде әрекет ету қағидалары бойынша брошюралар, жаднамалар табысталды, бастапқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштерін) пайдалану және өрттерді сөндіруге практикалық тәсілдер көрсетілді.
Өрттерді алдын алу мақсатында көлік иелеріне электр сымдары мен электр құралдарына сапалы техникалық байқау жүргізуге ұсыныс берілді.
Көлік құралдарына газбаллонды құралдарын тек мамандырылған орталықтарды орнатуға ерекше назар бөлінді.
kost pozh bez 1   kost pozh bez 1   kost pozh bez 1  
Қостанай облысы
ТЖ Департаментінің
ҚААҚСББ