glavnaya Нұрлан Мадьяровпен бірге «Қазавиаспас» тікұшағының бортында «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының бастығы Омар Дүзгімбаев аэробақылау жасады.
Аэробақылау тексеру нәтижесі төменгі тауларда қардың еріп кеткендігін көрсетті. Бұл нөсерлеп жауған жауын салдарынан болды, ол бөктерлерден ағын су қалыптастырды. Қар жабыны 1600 метрден жоғары жерлерде сақталған. Сыртқы белгілері бойынша қар қалыңдығы 1,5-2 метрді құрайды.
Жалпы алғанда өзендердегі жағдай тұрақты. Су деңгейі төмендеді. Үлбі, Бұқтырма, Тұрғысын бір қалыпта.
Өңірдегі дабылдық жағдай сақталуда. Алайда ауа-райы болжамы өзгерді. Синоптиктердің пайымдауынша жаңбыр үсікпен, жұлқи соққан желмен алмасты, олар бірнеше күн сақталады.
 
Шығыс Қазақстан облысы ның ТЖ департаменті