39 PTU Aqtogai 1 2019 жылғы 14 мамырда «Ақжолтай» спорт сарайы ғимаратында кезекті өрт- тактикалық оқу-жаттығу өтті. Обьектің ерекшелігі, ғимараттың көп бөлігінде сауда орындары орналасқан.
Оқу-жаттығу барсында өрт бөлімшелерінің және сауда үйі персоналының іс-әркеттері пысықталды. Барлығы өмірдегідей болды: өрт техникасы, өртке қарсы қызмет қызметкерлері және шартты өрт ошағы.
39 PTU Aqtogai 2 Сағат 14.14-те қауіп сигналы қосылды, қауіпсіздік қызметі жылдам іс-қимылдармен келушілерді шығуға бағыттады.
Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, сауда ғимаратының бір бутигінде өрт орын алады. Түтіндеу жылдам шектесіп жатқан бөлме бойынша спорт ғимаратына таралды. Жоғары температура салдарынан шатыр элементтері құлады.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі С.Н.Бимағамбетовтің басшылығымен өртке қарсы бөлімшелерінің жинақы, келіскен іс-қимылдарының арқасында өрт ошағы жылдам жойылды, ал өрт жарты сағат ішінде толықтай сөндірілді.
Ғимараттан 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан барлығы Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінен 20 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
 
Қарағанды облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі