28 Turkestan PSS 1 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында «2019 жыл - Жастар жылы» деп жариялауына орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөліністері арасында «Өрт-құтқару дайындығы» спортынан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.
28 Turkestan PSS 2 Жарыс Департамент бастығы Н.С.Жүнісовтың құттықтау сөзімен, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеген жылы лебізімен басталды.
Өрт-құтқару дайындық спорты – жеке және топтық сынақта өрт сөндіру тәжірибесінде қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындайтын өрт сөндіру-қолданбалы спорт түрі.
Жарысқа 14 өрт сөндіру бөлімдері қатысты. Құтқарушылар шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына, үш иінді сатымен оқу мұнарасының 3-қабатына көтерілуден және күштермен құралдарды өрістету спортынан жарысқа түсті.
Жарыс жеңімпаздары тиісті дәрежедегі кубоктар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы