29 ZRAOSO unspas 1 Жуырда облыстық «Жас құтқарушылар» сайысы өтеді. Махамбет ауданының намысын Таңдай орта мектебінің командасы қорғамақ. Атырау облысының құтқарушылары 9-10 сынып оқушыларына дайындық жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.
Бүгінгі дайындық барысында «БӨАЖҚЖ»ММ-ң Махамбет аудандық құтқару бөлімшесінің басшысы Бекбол Қыдыров жас құтқарушыларды сүңгуір құрал-жабдықтарымен, гидрокостюмдермен таныстырып, судағы қауіпсіздік қағидалары бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Содан соң, құтқарушы Максим Бакиров жас құтқарушыларды Александрова түйінін дәлдеуге, құтқару шеңберін қашықтыққа лақтыруға үйретті.
Ал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру техникаларымен таныстырып, өрт қауіпсіздігі туралы нұсқама өткізіп, жауынгерлік дайындыққа үйретті.
Дайындық аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінде өткізілді.
Жас құтқарушылар талапты, қайсар әрі өжет, жеңіске деген жігерлері дайындықтарынан-ақ көрініп тұр. Облыстық сайыста олар жауынгерлік өрістету, дабыл бойынша жиналу және шығу, жауынгерлік киімді кию, түйіндерді құтқару арқанымен байлау, 100 метрлік кедергіні еңсеру және өрт қауіпсіздігі викторинасы бойынша бақ сынасатын болады.
Сонымен қатар, суға батқан адамды құтқару және зардап шегушіні үйінділер астынан алып шығу бойынша өз қабілеттерін көрсетулері тиіс.
 
Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы