35 Almaty Vstre4a Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік ұйымдары Қауымдастығының Мамандандырылған оқу орталығының сынақ полигонында «Қауіпсіздік іс-шараларын жетілдіру, терроризмге қарсы әрекет ету және төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ұйымдарының әрекеттері» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Семинарға Алматы қаласының Полиция Департаменті, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің өкілдері және күзет ұйымдарының басшылары қатысты.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Айдос Нүсіпбаев семинар қатысушыларына адамдар көп баратын орындардағы, «Аспандияр», «Алматы Компот», «Алматы Тауэрс» кафелері мен «Құлагер» базарындағы өрт туралы ақпарат берді.
Ол өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін объектілердің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін, сондай-ақ өрт кезіндегі азаматтық қорғау органдары күзет құрылымдарының өзара іс-қимылын еске салды.
Жиналыс барысында негізгі бұзушылықтар, өрт сөндіру қызметін дер кезінде шақырмағандықтан тұтанған өрттің тез арада үлкен аймаққа жайылып кетуі, қызметкерлердің бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану арқылы өртті сөндіруге өзіндік әрекеттері, объектілердегі өрт сөндіру құрылғыларының жарамсыздығы, сондай-ақ, өрт сөндіру орындарында барлау және жауынгерлік операцияларды жүргізу үшін өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне кедергі келтіру оқиғалары талқыланды.
Алматы қаласының ПД ОКОТ бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Константин Атаманчук өз сөзінде күзет агенттіктерінің қызметін бақылау «Қауіпсіздік қызметі туралы Заңы» аясында және күзет қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілер шеңберінде жүзеге асырылатынын атап өтіп, қауіпсіздік ұйымдары мен күзетшілер туралы статистиканы келтірді. Ұйымдастыру жұмыстарының ҚР ІІМ-ің 23.02.2015 жылғы № 143 «Жеке күзет ұйымдарында басшы мен күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары және үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетіндігін атап өтті.
Қауіпсіздік куәлігін алу үшін олар төтенше жағдайларда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің тактикасы мен іс-әрекеттерінде эвакуациялау шараларын ұйымдастыруға және өткізуге арнайы курсты /10 сағаттық курс/ оқуы керек. Бұл курс жеке күзет ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Аталған іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға қатысты түсініктер мен ұсынымдар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қатысты ескертулер мен буклеттер, сондай-ақ күзетшілердің қызметтеріне арналған алгоритмдер берілді.
 
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі