36 ZKO Sambo Кеше 24.04.2019 жылы № 4 БЖСМ "БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ"ММ қызметкерлері арасында самбодан жарыс өтті. Жарысқа қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің 44 қызметкері қатысты.
Жарысты "БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры М.З. Баев ашып қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Жарыс төрт салмақ дәрежесінде өтті: 62 кг дейін, 84 кг дейін, 90 кг дейін және 90 кг жоғары. Спортшылар өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсете отырып лақтыру әдісінің шеберлігі мен жеңіске деген құштарлықтары арқылы көрермендерді таң қалдыра, қарсыластарына үрей туғызып көрермендердің көңіл-күйлерін бірнеше мәрте көтерді. Самбо екі спортшының қарсыласатын спорт түрі болса да, залда достық пен спорттық ынтымақтастық орнады. Жарысқа қатысушылардың айтуынша, олардың барлығы күрестен және өз шеберлігін көрсету мүмкіндігінен үлкен ләззат алған және сайыстарда міндетті түрде үздіктерді анықтайды.
Барлық жүлдегерлер, әр салмақ категориясында дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
«ТЖД БҚО ӨС және АҚЖҚ»
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы