Принтерге шығару
38 ZKO Smotr 1 Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағында Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник А.Қ.Ахметжановтың қатысуымен автокөліктің және жүзу құралдарының, авариялық-құтқару жабдықтары мен құралдарының, сүңгуір жарақтарының, құтқару және байланыс құралдарының техникалық жағдайына маусымдық байқау өткізілді. Байқау жасақтың маусымға дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.
Бұл байқауға үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар авариялық-құтқару құралдары мен жүзу құралдарына, автокөлік тіркемелеріне, қайық моторларына жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындады, қыс мезгілінде пайдаланылатын жабдықтарды консервациялауды жүргізді, катерлерді бояу жұмыстары жүзеге асырылды, борттық тіркеу нөмерлері мен түсті графикалық жолақтар жаңартылды.
38 ZKO Smotr 2 Байқау барысында техникалық комиссия жабдықтар мен техниканың жай-күйін тексеріп қана қоймай, сонымен қатар авариялық-құтқару автокөліктерінің құтқару құрал-жабдықтарымен және қажетті құрал-саймандармен, өрт сөндіргіштердің, домкраттардың, медициналық дәрі-дәрмектердің, байланыс құралдарының жұмыс жағдайын, жүзу құралдары мен судағы құтқару құралдарының дайындығын тексерді.
Сондай-ақ құтқару бөлімшелеріне бекітілген бокстардың, олардың мүліктерінің дұрыс сақталуы мен қолданылуын тексерді.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник А.Қ.Ахметжанов техниканы пайдалану бойынша техникалық және есепке алу құжаттарын жүргізу жағдайына ерекше назар аударды.
Жалпы тексеріс жасақтың автокөлік және жүзу құралдарының жазғы маусымға дайындығын көрсетті.
Байқау соңында жасақ басшысы А.О.Килишев жүргізілген жұмыстың сапасын атап өтіп, жауапты тұлғаларға алғысын білдірді, техниканы дұрыс жағдайда қолдану және құжаттаманы жүргізу бойынша міндеттер қойды.
 
Л. Абдрахманова
БҚО ТЖД
Жедел-құтқар жасағының
бас құтқарушы-психологы