36 Mang PTU 1 1-ЖЭО мазут станциясында «Энергетика кәсіпорындарында өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу» тақырыбында жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша №1 мазут сұйыққоймасына найзағайдың түсуі салдарынан мазут жануы болды. Өрт анықталғанда, жалын барлық сұйыққоймаларды қамтыды. Нәтижесінде температура көтеріліп, түтіндеу пайда болды және жанында орналасқан сұйыққойманың жану қаупі пайда болды. Нысанның күрделілігіне байланысты оған автоматты түрде 3 шақыру дәрежесі берілді. Нысанның қызметкерлері сұйыққойманың жануын байқап, өрт туралы Байланыс күштері мен құралдарын басқару орталығына дереу хабарлап, нысан аумағынан көшірілді және ерікті өрт құрамаларын жинауды ұйымдастырды.
36 Mang PTU 2 Араға санаулы минуттар ішінде оқиға орнына кезекші қарауылдар «Маэк-Қазатомпром» МЕӨҚҚ және өрт сөндіру Қызметінің өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары
«Оқу-жаттығудың мақсатына қол жеткізілді. Біз азаматтық қорғау бөлімшелері мен басшы құрамның дайындық дәрежесін көрдік, жеке құрамға жақсы баға берді. Олар шартты өрт туындаған кезде әзірленген нұсқаулықтарға сәйкес нақты жұмыс істеді. Нақты өрт пайда болған жағдайда күштер мен құралдар тиісті түрде жұмыс істейді деп есептеймін», - деді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Амирбеков Хаям Анверович.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы әлсіз жерлерді көруге, тиімді жұмыс үшін күштер мен құралдарды дұрыс үйлестіруге мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығуға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі, Апаттық медицинасы орталығы, «Маэк-Казатомпром» МЕӨҚҚ, барлығы 12 техника бірлігі мен 80-ге жуық жеке құраммен жұмылдырылды.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы