37 Mang Obu4enie 1 Осылайша, Маңғыстау облысының қауіпті өндірістік объектілерінің жұмысшылары АҚ саласы оқыту мақсатында Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғау бөлімімен тиісті сабақтар ұйымдастырылып, өткізілуде.
Оқыту «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, АҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне және 2019 жылға Маңғыстау облысының мамандары мен халқын азаматтық қорғау саласында даярлау жоспарларына сай жүргізіледі.
37 Mang Obu4enie 2 Даярлық курсына «ҚазТрансОйл» ААҚ, «Қазатомөнеркәсіп – Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС, ЖШС «Бұрғылау» «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, NCOC, «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС сияқты облыстың алпауыт өндірістік мекемелерінің жұмысшылары оқытылды.
АҚ саласындағы оқытудың негізгі бағыттары: қауіпті өндірістік объектілерде ТЖ жоюдың негізгі әдістері, ТЖ іс-қимылдар, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, адамдарды, материалдық құндылықтарды және өзін-өзі құтқарудың негізгі әдіс-тәсілдері, ТЖ зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының талаптары.
Даярлық соңында, тапсырылған сынақтың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар тапсырылды.
 
Мұратов Бектас Мұратұлы
Маңғыстау облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімінің
офицері