38 Aqtobe Boss 1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 182 ж/қ бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып азаматтық қорғау полковнигі Төлешов Асқар Дәулетбайұлы тағайындалды.
2019 жылғы 22 сәуірде Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің бастығы Б. Сыздықов аппарат кеңесінде құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшыларына Департамент бастығының орынбасарын таныстырды.
38 Aqtobe Boss 2 «Сіз өзіңіздің бұрынғы үйлесімді, жоғары кәсіби ұжымыңызға келдіңіз, - деп атап өтті Департамент бастығы, - Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті сізбен жаңа биіктерге жетеді деп үміттенемін».
Төлешов Асқар Дәулетбайұлы 1975 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін (1996) өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары өрт сөндіру басшысының көмекшісінен өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды. 2015 жылдан бастап Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымында қызмет етті.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы