40 Mang Seminar 1 2019 жылдың 19 сәуір күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Білім Басқармасы жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық семинар семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің судағы жүріс-тұрысы, жол қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету туралы сұрақтары бойынша тиімді диалог және мемлекетпен, қоғаммен және кәсіби бірлестіктермен қарым-қатынас үшін ашық алаң құру семинардың мақсаты болып табылады.
40 Mang Seminar 2 Семинардың жұмысына Маңғыстау облысының Білім Басқармасы, Маңғыстау облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті», Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті өкілдері қатысты.
Аудитория алдында «Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыбында баяндамамен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс офицері лейтенант Мұратов Бектас Мұратұлы оқыды, онда ол су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барынша күш-жігерін салуға, маңыздылығына көңіл бөлу керектігін және өткен жылғы су айдындарында болған оқиғалар бойынша аналитикалық деректерді қатысушыларға жеткізді.
Сонымен қатар адамдардың жаппай жиналатын объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі жөнінде Маңғыстау облысы ТЖД ТЖ басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан сөз сөйледі.
Сондай-ақ, семинар қатысушылары балаларға жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері оның ішінде олардың су қоймалары жанында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігі, балалардың жолдағы қозғалыс кезіндегі жарақаттар жағдайы, қызылша, кене энцефалиті бойынша эпидимиологиялық ахуал және алдын алу шаралары туралы сұрақтары талқыланады.
 
Мұратов Бектас Мұратұлы
Маңғыстау облысы ТЖД
АҚБ офицері лейтенант
Абдираш Нұрсұлтан
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенант