Принтерге шығару
28 Aktobe PTU 1 2019 жылғы 20 ақпанда Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелері Ақтөбе қаласының шұғыл қызметтерімен бірлесіп «Сымбат» мектеп ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Ғимарат Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 ауданында орналасқан.
Оқу-жаттығудың тактикалық сценарийі бойынша екінші қабатта орналасқан, ауданы 100 шаршы метр мәжіліс залы өртке оранды. Түтін баспалдақ арасымен жоғары қабаттарға тез таралып, көшіру жолын кесіп тастады.
28 Aktobe PTU 2 Оқу-жаттығу барысында 350 оқушы, мектептің 48 қызметкері көшірілді, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 4 адамды құтқарып, оның екеуіне Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті.
28 Aktobe PTU 3 Оқу-жаттығуға әр түрлі бөлімшелер мен шұғыл әрекет ету қызметтерінен 49 қызметкер, 11 бірлік өрт сөндіру және басқа да қосалқы техникалар жұмылдырылды. Ұйымдастырылған өрт сөндіру штабы 3 жауынгерлік учаске құрып, 3 «Б» оқпанын берді және газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 буыны ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу кезінде:
бекітілген өртке қарсы қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес нақты өрт туындаған жағдайдағы қызметкерлердің іс-қимылдары;
тізімдерді нұсқаулыққа сәйкес тексеру, штаттағы қызметкерлерді, сондай-ақ оқушыларды көшіру;
оқу орнының ғимаратында шартты өртті сөндіру кезінде гарнизонның күштері мен құралдарын басқару бойынша Өрт сөндіру штабының жұмысы;
"ӨС және АҚЖҚ" ММ бөлімшелерінің автосаты және газтүтіннен қорғау қызметі буындары арқылы жоғарғы қабаттарда қалған адамдарды құтқару, зардап шеккендерді "Апаттар медицинасы орталығы" ММ бригадасына беру бойынша іс-қимылдар»;
Апаттар медицинасы орталығы бөлімшесінің зардап шеккендерге медициналық көмекті қамтамасыз етуі бойынша іс-әрекеттер;
жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің өрт сөндіру штабының нұсқауына сәйкес ГТҚҚ буындары үшін қол жетімді өту жолдарын ашу және жауынгерлік іс-қимылдарды өткізу орындарында жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттері;
оқу-жаттығу өткізу ауданында автокөлік қозғалысын реттеу бойынша жергілікті полиция қызметі нарядының іс-қимылы, сондай-ақ барлық шұғыл қызметтердің өзара іс-әрекеттері пысықталды.
Өткізілген жаттығу қорытындысы бойынша оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізілгені белгілі болды.
28 Aktobe PTU 4 28 Aktobe PTU 4 28 Aktobe PTU 4 28 Aktobe PTU 4
 
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы