19 UKO Medu4rezhdeniya 1 Түркістан қаласы ТЖБ қызметкерлері жылыту маусымы кезеңінде улы газдан уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Үгіт-насихат жұмысы барысында өрт қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, тұрғындарға «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі» және «Назар аударыңыз, газ» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ жылыту маусымында өрт пен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде айтылды.
19 UKO Medu4rezhdeniya 2 Өрттің шығуына жол бермеу мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыздар:
- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл-қоқыстан айына кемінде бір рет тазартып тұрыңыз;
- қатты отын пайдаланатын пеш есігінің астындағы жанғыш материалдан жасалған еденді өлшемі 50х70 см кем болмайтын есік алды қаңылтырмен қорғаңыз;
- пешке тамыздағы ретінде тез жанғыш сұйықтарды қолдануға жол бермеңіз;
- пештерді жағуды үйден шығар алдында кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз;
- сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз;
- төсек орнында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын балкондар мен лоджиялардан лақтырмаңыз;
- дайындалып жатқан тамақтың плитада бақылаусыз қалуына жол бермеңіз.
Өрт болған жағдайда «101», «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, қоңырау тегін!
 
Түркістан облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы