12 ALm oBl obu4 Nasele 1 Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің өмірі мен деңсаулығын әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан қорғауға құқығы бар. Адам қорғану үшін әртүрлі төтенше жағдай туындаған сәтте тиісті іс әрекет тәртіптері мен ережелерді білу тиіс. Осы үшін оған азаматтық қорғау іс-шараларына қатысу, оқыту және дайындықтан өту, өзінің білімі мен тәжірибесін жетілдіру керек.
12 ALm oBl obu4 Nasele 2 Осыдан шығатыны Азаматтық қорғаудың бірінші кезектегі тапсырмасы халықты оқыту болып табылады. Осыған орай ағымдағы жылдың қараша айының 5-і мен 7-і күндері аралығында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ұйғыр ауданында жылжымалы тәсілмен сабақтар өткізді. Аталған сабақтар барысында 12 санаттан тұратын жалпы саны 155 тыңдаушы қамтылды.
Сабақ барысында Департамент қызметкерлері тыңдаушыларға келесі бағытта толық ақпараттармен түсініктемелер берді, яғни:
- Азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілер туралы;
- Алматы облыс аумағында, соның ішінде Ұйғыр ауданы аумағында болатын, болуы мүмкін төтенше жағдайлар және олардың әкелетін зардаптары, соның ішінде жерсілкінісі, су тасқыны, өрттер, суда болған келеңсіз жағдайлар және басқалары;
- Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар комитетінің ролі және негізгі міндет-мақсаттары;
- жергілікті басқару органдарының басшыларының төтенше жағдайлар болған кездегі іс-әрекеттері;
- басшы құрамды және халықты Азаматтық қорғау саласында дайындау мен оқытудың негізгі тәртібі;
- шаруашылық нысандарында, мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында әртүрлі деңгейдегі жаттығулар өткізу;
- Азаматтық қорғау саласын жақсарту мақсатында оқу материалдық базасын құру туралы.
Алдағы уақыттарда азаматтық қорғау саласында іс-шараларды жетілдіру үшін Департамент қызметкерлері азаматтық қорғау қызметтеріне, әртүрлі шаруашылық нысандарға және оқу орындарына Азаматтық қорғанысты жүргізу бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмектер көрсетті.
Төтенше жағдайға дайындалу керек, туындаған кезде тиісті іс-әрекеттерді білу және оны орындау үшін жаттығу кажет. Естеріңде болсын, егер Сіздер төтенше жағдай туындамай тұрып өз іс-әрекетіңізді алдын ала пысықтасаңыз, тиісті жағдайда дұрыс іс-әрекет жасау мен сабырлықты сақтау оңай болады.
 
Алматы облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы