13 Astana Den Prezidenta 1 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенттің күні. Бізге және біздің ұрпағымызға тәуелсіздік пен жарқын болашақ сыйлаған Тұңғыш Президентіміз. Бірақ та жарқын болашаққа апарар жолымызда біз әрқашан да өзіміздің тарихымызды, яғни мемлекетіміздің және бейбітшілік, қауіпсіздік мемлекет үшін өз өмірлерін қиған батырларымыздың тарыхын есте сақтау керекпіз.
Тұңғыш Президент күніне орай біздің жарқын болашағымыз, жас ұрпақтарымыз Назарбаев зияткерлік мектеп оқушылары Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің №2 МӨСБ орналасқан өрт сөндірушілер және құтқарушылар мұражайына барды.
13 Astana Den Prezidenta 2 Атап айтсақ, өрт сөндірушілер және құтқарушылар мұражайы 2014 жылы Астана күніне орай ашылды. Біздің Тұңғыш Президентіміз құрған астанамыз. Өрт сөндірушілер және құтқарушылар мұражайында елордалық өрт сөндіру қызметінің құрылу тарихын бейнелейтін экспонаттар бар. Сонымен бірге мұражайда Ұлы Отан соғысының кішкентай бөлігін көруге де болады. Өйткені көптеген ҰОС батырлары мен тыл еңбекшілері соғыстан кейін елордалық өртке қарсы қызметінде қызмет атқарды.
Мұражай жетекшісі Қ. Камелова балаларға өрт сөндіру кезінде қолданылатын құралдардың мақсаты жайында айтып берді. Өз өмірлерін халықтың қауіпсіздігі үшін, төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті қамтамаз ету үшін тәуекел еткен жандардың тарихын да баяндап берді.
Бұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін ұялатып, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге дағдылануға септігін тигізеді. Бұдан бөлек, аталмыш жұмыстар төтенше жағдайлардың алдын-алып, өрттердің санын төмендету бағытында қолға алынған.
 
Астана қаласы ТЖД МТжАТ