14 Atyrau 0 stol Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен шаруашылық қожалықтарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Отырыста қаралған негізгі сұрақтың бірі – жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету.
Атырау қаласының ТЖБ қызметкерлері тіркелген өрттерге статистика келтіріп, олардың шығу себептері мен салдарына тоқталды. Шаруашылық қожалықтарының өкілдеріне өз қызметтері барысында міндетті түрде сақталуы тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарымен және қажетті өртке қарсы құрал-саймандардың тізімімен таныстырды. Сонымен қатар, қосымша мәлімет ретінде шаруашылық жұмысына жұмылдырылатын техникалық құралдар жарамды күйде ұсталу керектігі және сәйкесінше өртке қарсы құрал-саймандармен жабдықталу тиістілігі жеткізілді.
Оған қоса, қыс кезеңінде тұрғын үйлерде өрт шығу ықтималдығы артатыны ескертілді. Жылыту маусымында өрттің көпшлігі тұрғын үй секторында орын алады. Бұл электр құрал-жабдықтарын орнату және қолдану кезінде қауіпсіздік қағидаларының бұзылуымен және жылыту пештерін, газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамаумен, отты абайсыз пайдаланумен байланысты.
 
Е. Габитов
Атырау қаласының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты