15 Atyrau Obl Patriot 1 Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ Кәсіби дайындық мектебінде «өрт сөндірушілер», «радиотелефоншы» және «жүргізушілер» лауазымдарының түрлі санаттағы қызметкерлерін бастапқы оқыту бойынша кезекті оқуы өткізілді.
Сабақтар барысында аудиторияға әртүрлі фильмдер көрсетілді, төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша көрнекі слайдтық дәріс материалдары, өртке қарсы бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастырылды.
15 Atyrau Obl Patriot 2 Жас ұрпаққа патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында мәдени іс-шаралар Махамбет ауданында орналасқан Сарайшық мемориалдық мұражайына, жергілікті тарихи-өлкетану мұражайына, көркем мұражайға, мұз сарайына және Г. Сланова атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына барды.
15 Atyrau Obl Patriot 3 Сонымен қатар, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша сабақтар ұйымдастырылып өткізіледі. Атырау облыстық Діни істер департаментінің өкілдері терроризм мен экстремизм тұжырымдамаларының мәнін қолжетімді түрде түсіндірді. Салауатты өмір салты бойынша сабақтар өткізілді, Атырау облысындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының өкілдері шақырылды, олар туберкулез, алкоголь, вирустық инфекциялардың алдын алу, иммунопрофилактиканың маңыздылығы және олардың қарсы көрсеткіштері сияқты тақырыптарды белгіледі.
Тындаушылар жеңіл атлетика, футбол және волебол сияқты спорттық шараларға қатысты. Төтенше жағдайлар жөніндегі ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылды.
Патриоттық тәрбие бойынша жүйелі жұмыс оң нәтиже береді. Мұндай тәрбие жұмысқа адал қатынасын, кәсіби еңбек қасиеттерін белсенді түрде көрсетуді, олардың жоғары патриоттық санасын қалыптастыруды, азаматтық борышын орындауға дайындықты және Отанымыздың мүдделерін қорғауға бағытталған конституциялық міндеттерді қалыптастырады.
 
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Кәсіби дайындық мектебі