16 AtyraU ObL ObXoD 1 Тұрғын үйлерді аралау – өрттің және өрт кезінде орын алатын адам қазасының санын азайтуға әсер ететін профилактикалық әдістердің бірі. Үйлерді аралау кезінде қызметкерлер тұрғындармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, өрт кезіндегі іс-қимылдарын түсіндіреді.
16 AtyraU ObL ObXoD 2 Атырау қаласының ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын түсіндіре жүріп, тұрғын үй секторын аралау жұмыстарын жүргізу жалғастыруда.
Негізгі мақсаты – өрттің, улы газдан уланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі қағидаларын мүлтіксіз сақтауды, өз істері үшін жауапкершіліктері мен қолдан жасалған электрлік, пеш немесе газды жылыту құралдарын пайдалануға жол бермеу ережелерін адамдардың тағы бір мәрте естеріне салу.
16 AtyraU ObL ObXoD 3 Күні бүгінде жылыту маусымы басталғалы Атырау қаласының ТЖБ қызметкерлерімен 12 көше, 478 үй қамтылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысу үшін 245 жадынама, 233 бетшелер таратылды.
Әр адамның қауіпсіздігі ең алдымен өзінің қолында екенін ұмытпаған жөн.
 
Э. Гумарова
Атырау қаласының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау капитаны