26 Zapad Konkurs Кәсіби мерекеге орай, «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі құтқарушылары балаларының арасында «Құтқарушы бала көзімен» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – балалар санасында құтқарушылардың жұмысы туралы ұғымды қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, құтқарушыларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сайысқа 6 мен 13 жас аралығындағы балалар қатысты, жалпы сурет саны 13. Балалар құтқарушы туралы ұғымдарын қағаз бетіне түсірді: бір суретте құтқарушы суға батқан адамды құтқарып жатса, екінші суретте жоғалған адамды іздестіріп жатты.
Бір қуантқаны, балалар санасында құтқарушы образы жетік қалыптасқан екен. Барлық суреттер мағыналы болғандықтан, комиссия мүшелеріне баға беру оңайға соқпады.
Бағалау үш критериядан тұрды: тақырыпқа сай болуы, ойдың ұшқырлығы және жұмыстың анықтығы, әдемілігі.
Жюри шешімі бойынша, анықталған жеңімпаздар:
І орын – Серик Назерке
ІІ орын – Сатхан Нурмахан,
ІІІ орын – Досымжан Нұржанулы
ІІІ орын – Кебек Адилхан
ІІІ орын – Байзолла Алихан
 
ҚР ІІМ ТЖК
Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы