27 Jambyl Torzh DS 1 1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қорғаныс министрлігінң Азаматтық қорғаныс штабы базасында төтенше жағдайар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды, кейін ол ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі болып қайт құрылды. Ал одан кейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі болып өзгертілді, соңынан Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті болды.
27 Jambyl Torzh DS 2 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік органның құрылған күнін мерекелеу барысында Жамбыл облысында «дөңгелек үстел», «ашық есік күндері» өткізіліп, оған жастардың кәсіптерін дұрыс таңдауларына септігін тигізу мақсатында білім беру мекемелеріндегі білімгерлер мен оқытушылары шақырылды.
27 Jambyl Torzh DS 3 Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың мекен-жайларына барып көмек көрсетілді. Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК салалық бөлімшелері мен органдары Жамбыл облысы бойынша ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбаев Бейбіт Әзімханұлымен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып төл мерекелерімен құттықтады. Мереке күнінің құрметіне орай ардагерлерге мерекелік құттықтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Айта кетерлік жайт, бірде бір ардагерге осы уақытқа дейін мемлекеттік мерекелерде көңіл бөлінбей қалған емес.
Бүгін, салтанатты жиналыс алдында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңдар және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің депутаты Гульнара Қадіржанқызы Бижановамен кездесті. Ол Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру үшін келді. Кездесу барысында өзекті мәселелер және олардың тұжырым сапарлары талқыланды. Өз кезегінде, депутат Жамбыл облысы барлық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиналыста Жамбыл облысы ТЖД мен ведомствоаралық мекемелердің мамандары ҚР ІІМ ведомстволық наградаларымен, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, төтенше жағдайларды алдын алу саласындағы «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясына белсенді қатысу үшін Жамбыл облысы ТЖД бастығының алғысымен мұғалімдер марапатталды.
Іс шараны жарықтандыру үшін республикалық және облыстық БАҚ- ры жұмылдырды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айында ТЖМ аумақтық бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруге 3740 рет шығып, 351 адам құтқарылғанал 455 адам ТЖ аймағынан қауіпсіз орынға эвакуациаланған.
Жедел құтқару жасағы 698 шығуларды жүзеге асыры, 234 адамды құтқарған, 37 ажам эвакуациаленған, 52 даманың денесін шығарған.
 
Жамбыл облысы ТЖД
баспасөз қызметі