29 Astana DOD 1 Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері № 5 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде 75 адамды қамтумен № 18 орта мектебінің оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында № 5 мамандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Д.М. Насыров оқушыларға өрт сөндіру бөлімдері қызметінің тарихын, өрт сөндіру әдістері, қорғаныс құралдары және қауіпсіздік шаралары туралы баяндап, өрт сөндіргішпен қолдануды үйретті.
Жас келушілердің зор қызығушылығын өрт сөндіру автомобильдері тудырды. Сонымен қатар, оқушыларға арнайы техника қалай жұмыс істейтіні, жауынгерлік киім-кешек қалай киілетіні көрсетілді. Ал құтқару жабдығын – гидравликалық қайшыны, кеңейтушілерді, домкраттарды және тағы да басқаларын тіпті ұстап көруге рұқсат етілді.
Оқушылар бүгін өрт сөндірушілердің жұмысын ішінен көріп, қызметтің құрылу тарихын білді. Мұндай экскурсиялар жағымды әсер береді. Біріншіден, балалар өз өлкесінің тарихы жайлы көбірек білетін болады, екіншіден, өрт қауіпсіздігінің сұрақтарын бала кезден білу керек. Тіпті, бұл экскурсиядан кейін балалардың кейбіреулері болашақ мамандығын таңдаумен айқындалады.
 
Астана қ. ТЖД
«Сарыарқа» ауданы ТЖБ